Алматы - Қорғас ақылы жолының терминалы алдында ауыр жол апаты орын алды

08:57, 7 қараша 2019

Алматы – Қорғас ақылы жолының ақша төлейтін терминалы алдында жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Алматы бағытындағы Nissan Primera жүргізушісі белгісіз себептермен үлкен жылдамдықпен келіп терминалға ақша төлемек түгіл тоқтамастан өте шығып, ар жағындағы бетон бордюрге оңбай соғылды.

Быт-шыт болған Nissan-ға терминал қызметкерлері жақындағанда жүргізуші мыжылған көлік ішінде жатқан. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Дәрігерлер келгенде есін жиған жүргізуші шашылған бөлшектерін жинап, көлігінің ішіне сала бастады.

Бірақ жүргізуші ақыры ауруханаға жеткізілді. Куәгерлер ол жүргізушінің сау күйде екеніне күмән келтіретінін айтқан.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!