«Зымыран екен деп қалдық». Иран Украина ұшағын неге атып түсіргенін түсіндірді

11:00, 13 қаңтар 2020

Иранның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің операторы «Украинаның халықаралық әуе жолына» (UIA) тиесілі Boeing 737-800 ұшағын қателесіп жаудың нысаны ретінде хабарлады. Бұл туралы Ислам Революциялық Сақшылар корпусының (IRGC) әскери ғарыштық күштерінің қолбасшысы Амир-Али Хажизаде айтты, деп хабарлайды Lenta.ru.

«Қарсыластың нысанын» анықтау кезінде туындаған ақаулар туралы басшылыққа хабарлама берілмеген, сондықтан қанатты зымыранды ұшыру туралы әскерилер дербес шешім қабылдаған. Хажизада операторға шешім қабылдауға бес секунд уақыт берілген, ал ол өз кезегінде қате таңдау жасап, нақты емес нысанға қарай зымыран ұшырған.


Сондай-ақ Хажизаде Иран билігінен АҚШ әскери базаларына зымыранмен соққы беру кезінде әуе қатынасын тоқтата тұру туралы өтінгенін де айтты, бірақ оның бұл өтініші орындалмаған.

Алдында Ислам Революциялық Сақшылар корпусының (IRGC) әскери ғарыштық күштерінің қолбасшысы ұшақ апатына қатысты барлық жауапкершілікті өз мойынына алатынын мәлімдеп, зымыран жолаушылар ұшағына тигенін білгенінде басын ұстап, көзіне жас алып отырып қалғанын айтқан. Тіпті, өліп кетсем бе деген ойға да жол берген.

11 қаңтарда Иран билігі Укарина жолшаулыра ұшағын кездейсоқ атып алғанын мойындады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!