Жемқорлар шошып қалды. Биткоин құны 9 мың долларға бір-ақ арзандады

09:46, 19 сәуір 2021

© Сурет: Progomel.by

Binance биржасының деректері бойынша, криптовалюта нарығы 18 сәуірде қатты құлдырады. Әлемдегі ең қымбат сандық валюта - Bitcoin 10% -ға жуық бағасын жоғалтты, деп хабарлайды zakon.kz.

FXStreet-тің хабарлауынша, АҚШ "Қаржы министрлігі бірнеше қаржы институтына криптовалюталарды пайдаланып ақшаны жылыстатқаны үшін айып тақты" деген қауесет пайда болғаннан кейін криптовалюта нарығына дүрбелең болған. Бұл қауесет, әсіресе Твиттерде қатты талқыланды.

Қауесеттің қаншалықты шын екендігі белгісіз болғанына қарамастан, әлемдегі басты криптовалюта бағамы төмен қарай құлдилай жөнелді. 12 сағаттық диаграммада биткоин бағасы шамамен 9000 долларға түсіп, 51.541 доллар болды.

Бұрын биткоинның бағасы тарихи рекорд орнатқан болатын. Сәрсенбіде Binance биржасы 1 bitcoin үшін 64 850 доллар бағасын тіркеді.

Айта кетсек, саясаткер Санжар Боқаев өз сұқбатында қазір пара биткоинмен беріліп жүргенін айтып қалып еді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!