Желіде АҚШ-тың тыйым салынған баллистикалық зымыранды ұшырған видеосы жарияланды

10:24, 13 желтоқсан 2019

АҚШ қорғаныс министрі Марк Эспер жерден басқарылатын баллистикалық зымыранды сәтті сынағандарын жариялады, деп хабарлайды Lenta.ru.

Ол соны үлгідегі зымыранның ғылыми тұжырымдама күйінен нақты жұмыс моделіне айналдыруға ғалымдар небәрі 9 ай жұмсағанын айтты.

Өзара Келісім бойынша тыйым салынған баллистикалық зымыранның 12 желтоқсанда ұшырылғаны белгілі болды. Ядролыққа жатпайтын зымыран 500 шақырымнан астам ұзақтыққа ұшып, қысқа қашықтықтағы ең мықты зымыранға айналды.

1987 жылы КСРО мен АҚШ арасында жасалған келісімге сәйкес 500-ден 5,5 мың шақырымға дейінгі ұзақтыққа ұшатын баллистикалық зымырандарды өндіруге және оны сынауға тыйым салынды. Бұл шарттың мерзімі ресми түрде 2019 жылдың 2 тамызында аяқталды. Вашингтон бұл келісімді, ең бірінші, Ресей бұзғанын алға тартты, кейінірек тағы бір себеп ретінде Қытайдың зымыран бағдарламасы тез дамып келе жатқанын айтқан.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!