Жаппай блэкаут, Берлин, терроризм. Германияда не болып жатыр
© Сурет: pixabay
Берлин билігі жаппай жарықтың сөнуіне әкеліп соқтырған өртті "солшылдар терроризмі" актісі ретінде бағалады. Бұл туралы қаланың бургомистері Кай Вегнер мен ішкі істер сенаторы Ирис Шпрангер мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
DW мәліметінше, төтенше оқиға Берлиннің оңтүстік-батыс бөлігінде болған: жылу электр орталығының жанындағы кабель көпірінің өртенуі салдарынан шамамен 45 мың үй жарықсыз қалды. Диверсия үшін жауапкершілікті Vulkan солшыл радикалды экстремистік тобы өз мойнына алды.
Ирис Шпрангердің айтуынша, бұл арада тек солшыл экстремизм емес, адамдарға зиян келтіруге бағытталған мақсатты зорлық-зомбылық туралы сөз болып отыр. Осыған байланысты ол тергеуді Карлсруэдегі Германияның Федералды прокуратурасына тапсыруды талап етті. Ведомство өкілдері Берлин билігімен байланыста екенін растады, бірақ қазіргі уақытта бұл істі астана прокуратурасы айналысуда.
Кай Вегнер де аталған оқиғаны террористік акт ретінде қарастыру керек екенін атап өтті. Ол Берлин сенаты деңгейінде де, федералды деңгейде де маңызды инфрақұрылымды қорғауды күшейту мәселесін көтеруге ниетті екенін мәлімдеді.
Жаппай блэкаут 3 қаңтарда орын алды. Stromnetz Berlin операторының айтуынша, оған Лихтерфельде ЖЭО маңындағы Тельтов каналы арқылы өтетін кабель жүргізілген көпірдің өртенуі түрткі болды. Жексенбіге қарай 10 мыңға жуық үй шаруашылықтарында электр жарығы қалпына келтірілді, алайда Целендорф, Николасзе және Ванзе аудандарында тағы 35 мың адам 8 қаңтарға дейін жөндеу жұмыстарының жүргізіліп жатуына байланысты жарықсыз отыруға мәжбүр.
Berlin after Antifa Terror attack on critical infrastructure.
— Martin Sellner (@Martin_Sellner) January 4, 2026
German authorities still persecute patriots for posting memes. pic.twitter.com/bmK21YxRa7
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:39, 22 ақпан 2026
АҚШ елшісінің Израиль туралы айтқаны халықаралық резонанс тудырды
-
11:50, 22 ақпан 2026
Трамп Роналдудың Америкаға келгенін күтіп отырғанын мәлімдеді
-
10:57, 22 ақпан 2026
Трамп барлық елден келетін импорт тауарларға салынатын баж салығын 15%-ға дейін өсірді
-
10:52, 21 ақпан 2026
АҚШ Жоғарғы соты Трамптың ауқымды баж салығын заңсыз деп таныды
-
15:34, 19 ақпан 2026
Ауғанстанда «күнә құралы» деп танылған 500-ден астам музыкалық аспап өртелді





