Мансап орталықтарының басшыларына қойылатын талаптар жаңартылды

10:14, 4 наурыз 2026

© Фото: gov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 24 ақпандағы бұйрығымен халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдары басшыларының, мамандарының және өзге де қызметкерлерінің лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, мансап орталығы директорының лауазымдық міндеттері жаңа редакцияда бекітілді.

Жаңартылған міндеттерге мыналар кіреді:

  • мансап орталығына ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылық жасау;
  • өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және аз қамтылған азаматтарға кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру және оның сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету;
  • халыққа консультациялық көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру;
  • жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына әлеуетті қатысушыларға бейімдеу қызметтері мен психологиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыру;
  • келесі бағыттар бойынша іс-шараларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіру және ұйымдастыру:
  • жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру;
  • жүгінген азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
  • кәсіптік оқыту;
  • ерікті қоныс аудару және өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз, аз қамтылған азаматтарға мемлекеттік әлеуметтік қолдау шараларын көрсету;
  • жұмыспен қамтуды реттеу саласындағы ғылыми зерттеулер жүргізуге, еңбек нарығын талдауға және оны дамыту перспективалары бойынша ұсыныстар әзірлеуге, сондай-ақ халыққа кәсіби бағдар беру мен психологиялық қолдау көрсетуге ықпал ету;
  • халықты жұмыспен қамту саласына автоматтандырылған цифрлық жүйелерді енгізу және еңбек нарығының деректер базасын қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру;
  • жұмыспен қамту мәселелері бойынша озық тәжірибені зерделеу және жинақтау;
  • халықты жұмыспен қамту мақсатында жергілікті атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
  • еңбек нарығындағы сұранысты ескере отырып, кәсіптік оқыту ұйымдастырылатын мамандықтар (кәсіптер) тізбесін айқындау;
  • әрбір жағдайда кәсіптік оқытудың ең тиімді нысаны мен өткізу орнын анықтау;
  • орталықтың барлық құрылымдық бөлімшелерінің тиімді жұмысын ұйымдастыру;
  • қаржы-шаруашылық қызметке басшылық ету, материалдық-техникалық базаны дамыту және бюджет қаражаты мен өзге қаржыландыру көздерінен түсетін қаражатты тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
  • қаржы-шаруашылық және өндірістік жоспарлардың орындалуын, шарттардың жасалуы мен орындалуын бақылау;
  • ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету және қызметкерлер үшін қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларын жасау;
  • еңбек тәртібін нығайту және қызметкерлердің біліктілігін арттыру жұмыстарын жүргізу;
  • жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарауды және тиісті шешім қабылдауды қамтамасыз ету;
  • есепке алу мен есептіліктің уақытылы жүргізілуін қамтамасыз ету;
  • өрт қауіпсіздігі қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету.

Сондай-ақ Еңбек мобильдігі орталығы директорының лауазымдық міндеттері де жаңартылды:

  • Еңбек мобильдігі орталығына (Орталық) ұйымдастырушылық және әдістемелік басшылық жасау;
  • өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және аз қамтылған азаматтарға кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру және оның сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету;
  • халыққа консультациялық көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру;
  • жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына әлеуетті қатысушыларға бейімдеу қызметтері мен психологиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыру;
  • жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау және болжау, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың еңбек нарығының жай-күйі туралы халықты, жергілікті атқарушы органдарды және Еңбек ресурстарын дамыту орталығын ақпараттандыру;
  • ұлттық жобалар, облысты, республикалық маңызы бар қалаларды және астананы дамыту жоспарлары, сондай-ақ өңірлік жұмыспен қамту карталары аясында құрылатын жұмыс орындарының есебін жүргізу;
  • келесі бағыттар бойынша іс-шараларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіру және ұйымдастыру:
  • жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру;
  • жүгінген азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
  • кәсіптік оқыту;
  • ерікті қоныс аудару және өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз, аз қамтылған азаматтарға мемлекеттік әлеуметтік қолдау шараларын көрсету;
  • жұмыспен қамтуды реттеу саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге, еңбек нарығын талдауға және оны дамыту перспективалары бойынша ұсыныстар әзірлеуге, халыққа кәсіби бағдар беру мен психологиялық қолдау көрсетуге ықпал ету;
  • халықты жұмыспен қамту саласына автоматтандырылған цифрлық жүйелерді енгізу және еңбек нарығы деректерінің бірыңғай базасын қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру;
  • жұмыспен қамту мәселелері бойынша озық тәжірибені зерделеу және жинақтау;
  • халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
  • еңбек нарығындағы сұранысты ескере отырып, кәсіптік оқыту ұйымдастырылатын мамандықтар (кәсіптер) тізбесін айқындау;
  • әрбір нақты жағдайда кәсіптік оқытудың ең тиімді нысаны мен өткізу орнын анықтау;
  • Орталықтың барлық құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
  • қаржы-шаруашылық қызметке басшылық жасау, Орталықтың материалдық-техникалық базасын дамыту, бөлінген бюджет қаражатын және өзге қаржыландыру көздерінен (соның ішінде демеушілік және қайырымдылық көмектер) түсетін қаражатты тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
  • қаржы-шаруашылық және өндірістік қызмет жоспарларының орындалуын, шарттардың жасалуы мен орындалуын бақылау;
  • ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету және қызметкерлер үшін қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларын жасау;
  • еңбек және өндірістік тәртіпті нығайту, қызметкерлердің біліктілігін арттыру жұмыстарын жүргізу;
  • жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарауды және тиісті шешімдер қабылдауды қамтамасыз ету;
  • есепке алу мен есептіліктің уақытылы жүргізілуін қамтамасыз ету;
  • өрт қауіпсіздігі қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету.

Анықталғандай, мансап орталығының құрылымдық бөлімшесінің (бөлім, сектор) жетекшісі келесі мәселелерді білуі тиіс:

  • ҚР Конституциясын;
  • ҚР Еңбек кодексін;
  • Әлеуметтік кодексті;
  • ҚР Цифрлық кодексін;
  • Тілдер туралы заңды;
  • Халық миграциясы туралы заңды;
  • Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңды;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы;
  • Азаматтық құқық негіздерін;
  • Құрылымдық бөлімшенің профилі, мамандандыруы және ерекшеліктерін;
  • Еңбек саласындағы автоматтандырылған цифрлық жүйелердің негізгі функцияларын;
  • Шаруашылық инфрақұрылымын, демографиялық жағдайды, аймақтың (қала, аудан) әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін;
  • Аймақ (қала, аудан) ұйымдарының даму перспективалары мен құрылымдық өзгерістерін;
  • Аймақтық еңбек нарығының негізгі тенденциялары мен даму бағыттарын;
  • Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары бойынша іс-шараларды әзірлеу тәртібін;
  • Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының тиімділігін бағалауды;
  • Ұйымның қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыруды;
  • Экономика және құқық негіздерін;
  • Өрт қауіпсіздігі ережелерін.
  • Ұқсас талаптар Еңбек мобильдігі орталығының құрылымдық бөлімшесінің (бөлім, сектор) жетекшісіне де қойылады.

Бұйрық 2026 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!