Атырау облысында 416 мыңнан астам азамат дауыс беруге құқылы
© Сурет: ҚР Орталық сайлау комиссиясы
Атырау облысында 15 наурызда өтетін Конституцияның жаңа жобасына байланысты республикалық референдумға облыс бойынша 276 учаскелік референдум комиссиясы дайындық жүргізуде.
Барлық комиссиялар өз жұмыстарын Орталық референдум комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес жүзеге асырады.
22 ақпаннан бастап учаскелік комиссиялар өз қызметіне кірісіп, 27 ақпаннан бастап референдумға қатысуға құқығы бар азаматтарға деректерін тексеру мүмкіндігі берілді. Бүгінгі таңда облыс бойынша жалпы дауыс беруге құқығы бар 416 мыңнан астам азамат тізімге енгізілген.
Бұл жөнінде Атырау облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Әсия Қыстаубаева айтып берді.

Сурет: ҚР Орталық сайлау комиссиясы
Атап өткендей, дауыс беруге құқығы бар азаматтар өз референдум учаскелерін анықтау үшін Телеграм әлеуметтік желісіндегі арнайы ашылған "AtyrauReferendumBot" аккаунтын немесе облыс әкімдігінің atyrau.gov.kz ресми сайтының "Сайлау" парақшасындағы "РЕФЕРЕНДУМ 2026" бөліміндегі "Өзіңді дауыс беруші азаматтар тізімінен тексер!" сілтемесін пайдалана алады. Бұл жолдар арқылы әрбір азамат өз ЖСН-ін енгізіп, қай учаскеге тіркелгенін біле алады.
Сонымен қатар, азаматтар 109 бірыңғай анықтамалық қызметке хабарласып, Атырау қаласы мен аудан орталықтарында ашылған әкімдіктердің call-орталығына да жүгіну мүмкіндігіне ие. Атырау қаласындағы учаскенің нақты орналасқан жерін 2 ГИС электрондық анықтамасы арқылы табуға болады.
Егер дауыс беру күні өзіңіздің тіркелген жеріңізден тыс жерге баратын болсаңыз 14 наурызда сағат 18:00-ге дейін өз учаскелік комиссияңызға жазбаша өтінішпен жүгініп, жеке басыңызды куәландыратын құжатты ұсынуыңыз қажет. Комиссия сізге есептен шығару куәлігін береді. Бұл куәлікті сенімхат арқылы өкіл арқылы алу да мүмкін, нотариаттық куәландыру талап етілмейді. Есептен шығару куәлігі жоғалған жағдайда оны қалпына келтіру немесе телнұсқасын алу мүмкін емес. Бір елді мекен шегінде басқа учаскеде дауыс бергісі келетін азаматтарға есептен шығару куәлігі берілмейтінін ескеру маңызды.
Дауыс беру күні өзіңіз болатын учаскеде есептен шығару куәлігін көрсету қажет. Учаскелік комиссия сізді дауыс беруге арналған тізімге енгізеді. Толық ақпарат алу үшін облыс әкімдігінің atyrau.gov.kz ресми сайтының "Сайлау" парақшасындағы "РЕФЕРЕНДУМ 2026" бөліміне, сондай-ақ 109 ақпараттық қызметіне немесе Атырау қаласы мен аудан орталықтарындағы әкімдіктердің call-орталығына хабарласуға болады, — деді Атырау облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Әсия Қыстаубаева.
Өзіңді дауыс беруші азаматтар тізімінен тексер!
Арнайы сайт – https://www.gov.kz/referendum
Телеграм бот – https://t.me/SailauAtyrauBot
CALL-орталықтардың жұмыс уақыты:
жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.
Атырау облысы – 109 оператор
Атырау қаласы:
- 8 (7122) 320235
- 8 (7122) 320233
Жылыой ауданы:
- 8 (71237) 51554
Индер ауданы:
- 8 (71234) 20385
Исатай ауданы:
- 8 (71234) 20487
Құрманғазы ауданы:
- 8 (71233) 21380
Қызылқоға ауданы:
- 8 (71238) 21195
Мақат ауданы:
- 8 (71239) 32341
Махамбет ауданы:
- 8 (71236) 21242
Облыс тұрғындары референдум өткізуге қатысты барлық сұрақтар бойынша көрсетілген байланыс арналарын пайдалана алады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:40, 4 наурыз 2026
4 наурыздағы сауда қорытындысы: доллар бағамы өсті
-
15:24, 4 наурыз 2026
Қазақстандық балалар Кишинев конвенциясы елдерінде алимент төлеуді қамтамасыз етуге қол жеткізеді
-
15:11, 4 наурыз 2026
БҚО-да полицейлер жылқыларды ұрлап, автокөлікке айырбастаған күдіктіні ұстады
-
14:57, 4 наурыз 2026
Астанада жасырын ет өндірісі әшкереленді
-
14:43, 4 наурыз 2026
Учаскелік инспектор павлодарлық тұрғынды 6,5 млн теңге несие ресімдетпек болған алаяқтардан құтқарды





