Жапонияға жағалаудағы жойқын зілзаладан кейін цунами қаупі төніп тұр
© Фото: wikimedia/Petr Brož (Czech Academy of Science)
2025 жылғы 9 қараша күні Жапонияның солтүстік-шығыс жағалауында магнитудасы 6,7 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дүмпуден кейін билік Иватэ префектурасының жағалау аймақтарына цунами қаупі туралы ескерту жариялады. Синоптиктердің болжауынша, толқындардың биіктігі бір метрге дейін жетуі мүмкін.
Агенттік өкілі Синдзи Кёмото тұрғындарды жағалаудан кетуге және су аймағынан алшақ жүруге шақырды.
"Мұхитта жүргендердің барлығы дереу жағаға шығып, су жиегінен барынша алыстауы керек", – деді ол NHK телеарнасына берген сұхбатында.
Қазіргі уақытта қираулар немесе зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Құтқару қызметтері жағдайды бақылауда ұстап отыр.
Бұған дейін Грекиядағы жойқын зілзала толқындары Түркияға дейін сезілгенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:16, 12 қаңтар 2026
Қытайлық ғалымдар ескі ұялы телефондардан алтын бөліп алудың 20 минуттық тәсілін тапты
-
11:44, 12 қаңтар 2026
Малайзияда тасқын су салдарынан мыңдаған адам эвакуацияланды
-
11:30, 12 қаңтар 2026
Дональд Трамп өзін Венесуэла президентінің міндетін атқарушы деп жариялады
-
08:42, 12 қаңтар 2026
Ұлыбритания Украинаға «Мәскеуге дейін жете алатын» баллистикалық зымырандар тапсырады
-
20:38, 11 қаңтар 2026
Мадуро түрме камерасынан жақтастарына видеоүндеу жолдады





