Жаңа Зеландияда су тасқынынан мыңдаған үй жарықсыз қалды

Жаңа Зеландияда соққан жаңбырлы дауылдан кейін су тасқыны мен лай көшкіні жүріп, мыңдаған үй жарықсыз қалды.
Жапа шеккендер туралы әзірге мәлімет жоқ.
Алайда он тұрғын іздестіріліп жатыр. Тас жолдарды су шайып, 300-ден астам үй бүлінген. Окленд қаласы нөсер жабырдан кейін су астында қалып, ауызсу жүйесі бұзылған.
Себебі таудан аққан лай су қоймасын ластап, су тазалағыш зауыт онымен күресуге күші жетпей қалған. Барлық азаматтық қорғаныс күштері апатпен күресуге жұмылдырылған.
Биліктің айтуынша, шаһар таза сумен байланысты қиыншылықты соңғы 20 жылда басынан өткермеген.
Ал ауа райын болжау қызметінің мәліметіне қарағанда, бірнеше сағаттың ішінде 50 миллиметр жауын жауған.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 3 қараша 2022
«Барыс» ҚХЛ аясындағы ойындарда 14-ші жеңілісін тіркеді
-
21:55, 3 қараша 2022
Илон Маск G20 саммитіне қатысады
-
18:50, 3 қараша 2022
Пәкістанның бұрынғы премьер-министріне саяси шеру кезінде оқ атылды
-
14:06, 1 қаңтар 2022
Ким Чен Ын: 2022 жыл – «Өліммен күрес» жылы
-
10:24, 18 желтоқсан 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен шығу туралы шешім қабылдады