WhatsApp-та жаңа маңызды функция пайда болды
© Фото: unsplash
WhatsApp қонақ ретінде қоңырауға қосылу мүмкіндігін енгізіп жатыр. Енді кез келген адамды, тіпті WhatsApp аккаунты жоқ пайдаланушыны да қоңырауға шақыруға болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Басынан аяғына дейін шифрланған тегін қоңыраулар енді барлығына уақыт шектеуінсіз қолжетімді.
Мессенджер блогында хабарланғандай, қоңырау шалу үшін WhatsApp-тағы "Қоңыраулар" бөліміне кіріп, "+" белгісін басу керек. Содан кейін қоңырауға қосылу сілтемесін жасап, сөйлескіңіз келетін адамдарға жіберуге болады. Олардың қандай қосымшаны пайдаланатыны маңызды емес.
Қонақтар сілтемені компьютердегі браузер арқылы ашып, өз атын енгізеді. Ұйымдастырушы рұқсат бергеннен кейін олар жеке немесе 32 адамға дейін қатыса алатын топтық қоңырауға қосыла алады. Қоңырау сілтемесін тек WhatsApp аккаунты бар пайдаланушылар жасай алады.
Қонақтар басқа қатысушылардың телефон нөмірлерін көре алмайды, хабарлама жібере алмайды және қоңырауға өзге адамдарды тікелей қоса алмайды.
Сонымен қатар қонақтарға қоңырау кезіндегі негізгі функциялар қолжетімді болады. Мысалы, бірлесіп жұмыс істеу және материалдарды бірге қарау үшін компьютер экранын көрсетуге, бас бармақ немесе жүрек эмодзиі арқылы реакция білдіруге, сондай-ақ әңгімеге қосылу үшін қол көтеруге болады.
Бұған дейін WhatsApp iOS немесе Android операциялық жүйелерінің ескірген нұсқаларын пайдаланатындардың қосымшаға кіруін бұғаттау мүмкіндігін енгізетіні белгілі болған еді. Жаңа функция жүйеге кірер алдында пайдаланушыларға құрылғының бағдарламалық жасақтамасын жаңарту қажеттігін хабарлайды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:37, 19 қазан 2026
Парижде тұрғындар жаппай тәртіпсіздіктерден кейін тазалық жұмыстарына шықты
-
10:14, 19 қазан 2026
Грекияда шағын ұшақ апатқа ұшырап, екі ұшқыш қаза тапты
-
09:31, 19 қазан 2026
Жұмбақ кеңестік зонд 53 жылдан кейін Жерге оралды
-
15:18, 16 қазан 2026
Қаза тапқан альпинистердің денелері Эверест шыңына апарар жолда «бағдарға» айналған
-
17:40, 15 қазан 2026
Ыстамбұлда табиғи апат орын алып, үш адам көз жұмды





