Венгрияда баскетбол ойнайтын піл өмір сүреді

10:03, 16 қазан 2018

Венгрияның Будапешт қаласында баскетболмен айналысатын піл бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Рене Касселли есімді цирк жаттықтырушысы өз жануарын себетке доп салып үйреткен. Тек ол ғана емес, сүтқоректі тағы түрлі трюктер жасай алады.

Рененің айтуынша, Кимба жасының егде болғанына қарамастан, берілген тапсырманы тез қағып алатын, епті піл. Бүгінде Кимбаның жағдайы жақсы. Зообақтағыдай күтім мен тамақтану режимі бар. Алдағы уақытта жануар иесі Кимбаға спорттың өзге де түрлерін үйретуді жоспарлап отыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!