Ваннада шешінген жас қыз жасырын камераға түсіп қалды
Австралияның Сиднейіне қыдырып келген франциялық турист әйел хостел жалдап, ондағы жуынатын бөлмедегі дезодоранттың ішінен жасырын камераны байқап қойды, деп хабарлайды Daily Mail-ге сілтеме жасаған РИА Новости.
Полиция дерегінше, 27 жастағы турист әйел Сиднейдегі Бонди жағажайына жақын жердегі танымал хостелден бөлме жалдаған. Жуынатын бөлмеде шешініп, душқа түскеннен кейін ол раковинада тұрған дезодорантты байқап қалды. Оның ішінде шағын камера орнатылған екен. Сосын полицияға хабар береді.
Полиция тыйым салынған құрылғыны орнатты деген күдікпен осы хостелде тұратын 36 жастағы Гонконг азаматын айыптап, оны қамауға алды.
Күдіктіні тінту кезінде одан деректер сақталған бірнеше диск табылды, оның ішінде жасырын камераға түсіп қалған басқа да көптеген әйелдердің видеосы бар екен.
Ер адам енді жауапқа тартылады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 3 қараша 2022
«Барыс» ҚХЛ аясындағы ойындарда 14-ші жеңілісін тіркеді
-
21:55, 3 қараша 2022
Илон Маск G20 саммитіне қатысады
-
18:50, 3 қараша 2022
Пәкістанның бұрынғы премьер-министріне саяси шеру кезінде оқ атылды
-
14:06, 1 қаңтар 2022
Ким Чен Ын: 2022 жыл – «Өліммен күрес» жылы
-
10:24, 18 желтоқсан 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен шығу туралы шешім қабылдады