Уролог-дәрігер 109 баланы зорлады деген күдікке ілікті

08:43, 11 ақпан 2020

Зальцкаммергут қаласында (Австрия) уролог кәмелетке толмағандарға сексуалды зорлық көрсетті деп айыпталуда, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

57 жастағы дәрігер 109 баланы зорлаған, оның ішінде 40 бала зорлақ жасалған кезде 14 жасқа толмаған.

Австриялық Kronen Zeitung басылымының мәліметінше қылмыстар Австрия мен Египеттің түрлі өңірлерінде 2000 жылдан бастап қылмыскер ұсталған 2009 жылдың қаңтарына дейін жасалған.

Анықталғандай, дәрігер кей құрбандарын порнографиялық видеоға түсуге мәжбүрлеген. Тергеу мәліметінше, кемінде үш баланың денсаулығына дәрігердің әрекетінен ауыр нұқсан келтірілген.

Уролог он бес жылға дейін сотталуы мүмкін. Оны психикалық ауытқуы бар қылмыскерлерге арналған арнайы мекемеге қамауы мүмкін.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!