Үндістандық әйел жерлеу рәсімінде тіріліп кетті

12:54, 10 қаңтар 2020

Үндістанның Карнатака штатындағы жерлеу рәсімінде әйел адам тіріліп кетті, деп жазады The Hindu басылымына сілтеме жасаған Sputnik.

Елу бес жастағы Малати Чаугули (Malati Chougule) Белгаум қаласындағы жеке ауруханаға ыстығы қатты көтеріліп түскен екен. Кейін ол есінен танып қалыпты.

Дәрігерлер оның жанын сақтап қалу үшін бірнеше сағат бойы күрескен. Алайда одан еш нәтиже шықпады.

Осылайша, олар есін жимаған әйелді амалсыздан өлді деп санапты. Марқұмның туыстары медициналық қызмет ақысын төлеп, әйелдің денесін жерлеу үшін ауылға апарған.

Онымен қоштасуға достары мен отбасы мүшелері жиналған екен. Жақындары әйелдің денесін үйдің алдына қойып, жерлеу рәсіміне дайындыққа кіріскен сәтте ол көзін ашып, орнынан тұрыпты.

Қоштасу рәсіміне келгендердің бірі әйелдің өлмегенін, оның комада болғанын түсінсе, қалғандары мұны таңғажайып оқиғаға теңеп отыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!