Үндістанда «талақ» айтып ажырасқандарды түрмеге қамайды

15:40, 20 қыркүйек 2018
488

Үндістан үкіметі мұсылмандық салт бойынша ажырасуға тиым салатын заң жобасын бекітті, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл елдегі 170 миллион мұсылманның басым көпшілігі суниттер, яғни отбасылық өмірі дін заңдылықтарына бағынатындар. Ондағы ұйғарым бойынша ер адам үш рет «талақ» айтып ажырасып кете береді. Бұндайға бетпе-бет кездесуде немесе телефон арқылы айтуға, тіптен СМС хат жіберу арқылы да рұқсат етілген.

Үндістан Әділет министрі Рави Шанкар Прасад сөз арасында 22 елдің, оның ішінде көрші Пәкістан мен Бангладеш мұндайға тиым салғанын айтып өтті.

Үш рет «талақ» айтудың заңға сәйкес келмейтіндігін өткен жылы мойындаған, енді премьер Нарендр Моди үкіметі ережені күшейтпек. Яғни, осындай айыппен қамалғандар енді кепілдікпен босатылмайды. Елдің конгрессіндегі оппозициялық партия мұндай қатаң заңға қарсы шығып, оны жеңілдетуге шақыруда.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!