Үндістан мен Қытай әскерін кері әкетті

09:59, 17 маусым 2020

Үндістан мен Қытай әскерлері 20 үнді сарбазының өліміне әкеліп соқтырған даулы аймақ - Ладахтағы қарулы қақтығыстан кейін екі тарап шекара сызығынан әскерін кері әкетті, деп хабарлайды zakon.kz NDTV-ге сілтеме жасап.

2020 жылы 15-16 маусымға қараған түні болған қарулы қақтығыстан кейін Галван аймағынан Үндістан мен Қытай өз әскерлерін кері әкетті. Өз қызметін атқару кезінде қарулы қақтығысқа ұшырап, түрлі ауыр дене жарақатын алған 17 үнді сарбасы қайтыс болды, кейбірі госпитальда көз жұмды. Жалпы, үнді тарапынан қаза тапқан сарбаздар саны 20-ға жетті. Үндістан армиясы ел территориясы бөліністен және егемендігін қорғауға дайын, делінген хабарламада.

Бұған дейін ANI жаулы аймақтағы әскерилер қақтығысы кезінде қытайлық тараптан 43 адам жарақат алғанын хабарлаған болатын - олардың ішінде қаза болып, ауыр жарақат алғандар да бар.

Үндістан армиясының өкілі бұған дейін дүйсенбі күні түнде Ладахтың Галван алқабында Қытай әскерімен қақтығыс болып, бір офицер мен екі үнді сарбазы қайтыс болғанын мәлімдеген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!