Ұлыбританияда жаңа туған нәрестені өлтірді деген күдікпен төрт адам сотталды
© Сурет: magnific.com
Ұлыбританияның солтүстігіндегі Оңтүстік Йоркшир графтығында төрт адамға жаңа туған қызды өлтірді деген айып тағылды. Шеффилд қаласының Уинкобанк ауданында полиция шақырылғаннан кейін нәрестенің денесі табылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sky News жазуынша, полицияға нәрстеге қауіп төнуі мүмкін екені туралы хабар түскен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен медицина мамандары келгенімен, баланы құтқарып қалу мүмкін болмаған. Қыздың қайтыс болғаны оқиға орнында анықталды.
Оңтүстік Йоркшир полициясының мәліметінше, сот-медициналық сараптама нәтижесінде нәрестенің өліміне пышақ жарақаттары себеп болғаны анықталған.
Бастапқыда іс бойынша жасы 15 пен 38 аралығындағы жеті адам ұсталған. Кейін Шеффилд сотына 20 жастағы Андреа Скoпова, 19 жастағы Питер Хорват, 38 жастағы Питер Хорват және 37 жастағы Нина Хорватова келді. Төртеуіне де адам өлтірді деген айып тағылып, олар қамауда қалдырылды.
Сонымен қатар оларға бала өліміне себеп болды немесе оның өліміне жол берді, сондай-ақ сот төрелігіне кедергі келтірді деген айыптар тағылған. Тергеу нұсқасы бойынша, күдіктілер нәрестенің өлімін жасыруға әрекет жасаған. Қыздың жеке басы әзірге анықталған жоқ. Сотта нәресте Baby S деп аталды.
Тағы бір айыпталушы – 15 жастағы қыз. Оған сот төрелігіне кедергі келтірді деген айып тағылды. Жасына байланысты оның аты-жөні жарияланбайды. Ол да қамауда қалып, сәрсенбі күні Шеффилд сотына келуі тиіс.
Полицияның бас инспекторы Том Вудворд айып тағылуы баланың қайғылы қазасына қатысты тергеудегі маңызды кезең болғанын айтты. Ол сот процесі жалғасып жатқан кезде жұртшылықты интернетте болжамдар мен тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды.
Бұған дейін кәмелетке толмаған баланы қоқыс контейнеріне тастап кеткен әйелдің Жамбыл облысында ұсталғаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:11, 7 қыркүйек 2026
Қытайдың кесірінен 2026 жылдың соңына дейін 300 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін
-
09:23, 7 қыркүйек 2026
Балалар мінген автобус Африкада жолдан шығып кетіп, 25 адам қаза тапты
-
11:46, 6 қыркүйек 2026
Путинмен бірге өткен үш сағат: Трамптың өкілдері Мәскеуде неғып жүр
-
16:50, 4 қыркүйек 2026
Қытайда 100 шақырымға созылған кептеліс екі аптаға созылды
-
16:12, 4 қыркүйек 2026
Пашинян: Армения Еуропалық одаққа қосылу бағытынан бас тартпайды





