Ұлттық апат. Түркияда жеті провинция бірден отқа оранды

13:41, 30 шілде 2021

© Сурет: twitter.com

Түркияда орман өртеніп, тұтанған от лезде курорттық қалаларға жетіп алды. Анталия түтінге оранды, Мармарис пен Бодрумда туристер теңіз арқылы қайықтармен, катермен эвакуацияланып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Түркия билігі өртті ұлттық апат деп жариялады. Жеті провинция бірден отқа оранды, көбіне танымал туристік бағыттар, деп хабарлайды vesti.ru.

Жергілікті төтенше жағдай басқармасының хабарлауынша, апат кем дегенде төрт адамның өмірін қиды, 180-нен астамы жарақат алды. Түркия президенті өртті сөндірудің барлық мүмкіндіктері жұмылдырылғанын айтты. Басқа елдер Анкараға көмек ұсынады. Өрт сөндіруге Ресей авиациясы қатысады, грек билігі де өртті сөндіруге көмектесуге дайын.

Бодрум курорттық аймағының бірнеше жерінде орман өрті өршіп барады. Өрт 5 мыңға жуық адам тұратын қонақүйлерге жақындады. Жалын Titanic Deluxe қонақүйіне қауіп төндірді. Оның қонақтары көрші қонақ үйлерге ауыстырылды. Кейбір туристер мен қызметкерлер Титаниктен кетуге шешім қабылдады.

Түрік баспасөзінің хабарлауынша, Мармаристе де кейбір қонақүйлердің қонақтарын көшіру жарияланған. Адамдарды, әдетте су арқылы алып шығып жатыр, өйткені көптеген жолдар отқа оранған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!