Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті: АҚШ президентінің пікірі
© Сурет: flickr/White House
"Ресей мен Украина келіссөздерге "шұғыл" кіріседі". 19 мамырда АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескеннен кейін Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында осылай деп жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.
- Трамптың айтуынша, әңгіме өте жақсы арында өткен, арадағы сөздің "шабысы" мен шабыты да тамаша болды.
- Ресей мен Украина дереу атысты доғару туралы келіссөздерді бастайды, одан да маңыздысы соғысты толық аяқтау жайын талқылайды
- Трамп қақтығыс аяқталғаннан кейін Ресейдің АҚШ-пен ауқымды сауда байланыстарын орнатуға мүдделі екенін атап өтіп, Ресей Федерациясының экономикалық әлеуетін "шексіз" деп атады. Сондай-ақ ол Украина елді қалпына келтіріп, сауда қатынастары арқылы пайдаға кеңеле алатынын атап өтті.
- Америка президенті Владимир Зеленскийдің, Урсула фон дер Ляйеннің, Эммануэль Макронның, Джорджия Мелонидің, Фридрих Мерцтің және Александр Стуббтың әңгімелерінің нәтижелері туралы бұған дейін пікір білдіріп үлгерген. Трамптың айтуынша, Ватикан келіссөздерді өткізуді өз мойнына алуға дайын екенін білдірді. "Процесс басталсын!", - деді ол.
Бұған дейін Ресей Федерациясы мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамп 19 мамырда телефон арқылы сөйлескені хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:27, 20 қараша 2025
Өзбекстанда киберқылмыс өршіп барады
-
17:39, 19 қараша 2025
Таиланд шетелдіктерге қатысты виза режимін қатаңдатты
-
11:15, 18 қараша 2025
Үндістанда хакерлер перзентханалардағы камераларды бұзып, видеожазбаларды әлеуметтік желілерде сатқан
-
11:09, 18 қараша 2025
Бразилияда ежелгі қолтырауын табылды
-
10:34, 18 қараша 2025
Оңтүстік Кореяда ең ірі қалқымалы күн электр станциясы іске қосылды





