Трамп пен Путин не туралы сөйлесті

22:29, 19 мамыр 2025

© Сурет: kremlin.ru

АҚШ пен Ресей Федерациясы президенттері Дональд Трамп пен Владимир Путин 19 мамырда телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қос елдің көшбасшылары сөз барысында мыналарды қамтыды:

  • Әңгіме 2 сағаттан астам уақытқа созылды. Ресей президенті арада болған әңгімені мазмұнға бай, ашық әрі өте пайдалы деп атады.
  • Ресей президенті Трампқа Мәскеу мен Киевтің тікелей келіссөздерін жаңғыртуға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты. АҚШ президенті атысты доғаруға қатысты өз ұстанымын білдірді.
  • Ресей Украинамен бірлесе меморандуммен жұмыс істеуге дайын, оның ішінде атысты доғару жайын да, - деді Путин.
  • Сондай-ақ, ол: "Ресей мен Украина барлық тарапты қанағаттандыратындай мәмілеге келу керек", - деді. Путин Украинамен арадағы келіссөздердің қайта жаңғыруы турасында: "Біз жалпы дұрыс жолдамыз".

Бұған дейін Дональд Трамп Ресей мен Украина президенттерімен телефон арқылы сөйлескелі отырғанын айтқан болатын.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!