Трамп Иранның ядролық нысандарына сәтті шабуыл жасаған АҚШ әуе күштері жауынгерлерін құттықтады

© Сурет: whitehouse
АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ әуе күштерінің Иранның ядролық нысандарына жасаған шабуылы сәтті өткенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
АҚШ Иранның ядролық нысандарына соққы берді: Фордо, Натанз және Исфахан. Бұл туралы президент Дональд Трамп Truth Social-дағы өз аккаунтында жазды.
"Біз Ирандағы үш ядролық нысанға өте сәтті шабуыл жасадық. Бомбалар негізгі нысан - Фордоға дәл дөп тиді. Біздің барлық ұшағымыз Иранның әуе кеңістігін тастап, үйге аман-есен қайтты. Біздің ұлы американ жауынгерлерімізді құттықтаймыз! Әлемде мұндайды істей алатын басқа әскери күш жоқ. ЕНДІ БЕЙБІТШІЛІК ОРНАТАТЫН КЕЗ КЕЛДІ! Назар аударғандарыңыз үшін рақмет". Дональд Трамп
Трамп Мемлекеттік хатшы Марко Рубио және ЦРУ басшысы Джон Ратклифпен бірге ситуациялық бөлмеде соққылар мен олардың салдарын сырттай бақылап отырды.

Сурет: whitehouse
Трамп Иранның үш ядролық нысанына жасалған соққылар Тегеранды сабасына түсіріп, келіссөздер үстеліне оралтады деп үміттенеді.
CNN мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта АҚШ президенті Иран аумағына тағы шабуылдауды жоспарлап отырған жоқ. Америкалық республикашыл конгрессмен Томас Масси АҚШ-тың Иранға соққыларын Конституцияға қайшы деп атады. Бірнеше күн бұрын ол Трампқа Иранмен арада соғысты өзі жалғыз бастауына тыйым салатын қаулы қабылдауды ұсынған болатын.
Бұған дейін Иран Израильмен шиеленістің күшеюіне байланысты Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің арнайы отырысын өткізуді сұрағаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:54, 13 шілде 2025
Калифорнияда 6,7 балдық жер сілкінісі болуы мүмкін
-
15:37, 13 шілде 2025
Бөтен біреу АҚШ-та түлектер кездесуі кезінде айналаға оқ жаудырған
-
14:46, 13 шілде 2025
Израиль Тегеранға әуеден шабуыл жасады. Иран президенті жарақат алды
-
13:41, 13 шілде 2025
ХАМАС Газа гуманитарлық көмек қорын таратуды талап етті
-
12:54, 13 шілде 2025
Түркия астанасында 26-қабатты тұрғын үй отқа оранды. Қаза тапқандар бар