Төртінші талпыныстан кейін Румынияда жаңа үкімет құрылды
© Сурет: pexels
Румыния саясаткерлері бірнеше айға созылған саяси белгісіздіктен кейін жаңа үкіметтің құрамын бекітуге келісті. Парламент 55 жастағы дипломат Лука Никулеску бастаған министрлер кабинетін төртінші талпыныста мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ұсынылған құрамды 280 депутат пен сенатор қолдады. Оны мақұлдау үшін кемінде 233 дауыс қажет болған. 58 парламент мүшесі қарсы дауыс берді. Енді үкімет мүшелері ел президенті Никушор Данның алдында ант қабылдауы керек, деп хабарлайды Румынияның TVR телеарнасы.
"Мемлекет басшысы ұзаққа созылған саяси дағдарысты еңсеру мақсатында Никулескудің кандидатурасын 5 қазанда ұсынды. Премьер-министр болып тағайындалғанға дейін ол журналист, кейін дипломат болып жұмыс істеп, Румынияның Франциядағы және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымындағы өкілі қызметін атқарды", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, жаңа үкіметтің құрамына Социал-демократиялық партияның өкілдері мен тәуелсіз мамандар кірді. Парламенттегі өзге саяси күштер үкіметті қолдауға келіскенімен, оның жұмысына тікелей араласпайтын болды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:43, 21 қазан 2026
Қытай Тынық мұхитында стратегиялық зымыранды сынақтан өткізді
-
13:53, 21 қазан 2026
Өзбекстанмен тауар айналымын 10 млрд долларға жеткізу жоспарланып отыр
-
11:43, 21 қазан 2026
Чехияда 11 тонна алтын қоры бар ірі кен орны табылды
-
10:16, 21 қазан 2026
Термокружка қарақшылардан қорғануға көмектесті: америкалық әйел шабуылдаушыларға қарсылық көрсетті
-
16:32, 20 қазан 2026
Әуе шарының кесірінен Ташкенттің бірқатар ауданы жарықсыз қалды





