Термокружка қарақшылардан қорғануға көмектесті: америкалық әйел шабуылдаушыларға қарсылық көрсетті
© Сурет: pexels
Нью-Йоркте тұратын әйел өзіне шабуыл жасап, рюкзагын тартып алмақ болған үш ер адамға қарсылық көрсетті. Ол қорғану үшін сөмкесінен түсіп қалған термокружканы пайдаланған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға 18 қазан күні кешке Орталық саябақта болған. Бронкс ауданында тұратын 32 жастағы Кэтрин Маррокин жұмыстан үйіне велосипедпен қайтып бара жатқан. Әйелдің айтуынша, ол метроға түсуден қорыққандықтан, екі дөңгелекті көлікті таңдаған. Бұл туралы New York Post басылымы жазды.
Жолда келе жатқанда әйелдің құлаққабы түсіп қалған. Оны көтеру үшін тоқтаған сәтте жанына қара бетперде киген үш ер адам жақындаған. Олар бағалы заттарын беруді талап етіп, кейін әйелдің басынан ұра бастаған.
Арпалыс кезінде сөмкесінен термокружка түсіп қалған. Осылайша ол күтпеген жерден велосипедші әйелдің қорғану құралына айналды.
"Кружканы көргенде, ең бірінші ойыма: "Олар бәрібір мені өлтіреді ғой" деген ой келді. Сондықтан кружканы қолыма алып, кімге тиіп жатқанын ойламай, ұра бастадым", – деді әйел.
Маррокин көгерген жерлері мен сырылған жарақаттар алғанымен, келесі күні жұмысқа шыққан.
Қазіргі уақытта полиция күдіктілерді әлі ұстай алмағаны атап өтілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:43, 21 қазан 2026
Қытай Тынық мұхитында стратегиялық зымыранды сынақтан өткізді
-
13:53, 21 қазан 2026
Өзбекстанмен тауар айналымын 10 млрд долларға жеткізу жоспарланып отыр
-
11:43, 21 қазан 2026
Чехияда 11 тонна алтын қоры бар ірі кен орны табылды
-
23:06, 20 қазан 2026
Төртінші талпыныстан кейін Румынияда жаңа үкімет құрылды
-
16:32, 20 қазан 2026
Әуе шарының кесірінен Ташкенттің бірқатар ауданы жарықсыз қалды





