Тойда билеп жүрген келіншекті бір тепкен жігіт жұрттың ашуына тиді

14:53, 31 қазан 2018

Әлеуметтік желіде тойда билеп жүрген келіншекті арт жағынан келіп бір тепкен ер адамның видеосы тарап жатыр деп жазады sputniknews.kz.

Оқиғаның қайда болғаны және оның мән-жайы белгісіз. Бірақ желі қолданушыларының болжамынша, оқиға Қырғызстанда болған, ал видеодағы ер адам өзінің әйелін бір тепкен. Тойда қырғыз әні жүріп тұр және қонақтар қалпақ киіп алған.

Әлеуметтік желіде бұл видео қызу талқылануда. Жұрт жүздеген пікір жазып, ер адамды ерсі қылығы үшін сөгіп жатыр.

Қырғызстанның ішкі істер министрлігі әйелден шағым түскен жағдайда ғана тексеріс басталатынын айтты.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!