Танымал әнші Таркан Түркиядағы халық толқуына қатысты пікір білдірді
© Сурет: Facebook/Tarkan
Түріктің танымал эстрада әншісі Таркан Ыстамбұлда болып жатқан оқиғаларға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол наразылық акциясына шығушылардың талабы орынды деп санайды. Әнші адамдар өз құқығы мен бостандығы үшін күресіп жатқанда сырттай қарап тұра алмайтынын айтады.
"Барлық әділетсіздіктер, заңсыз сот процестері және заңды процедураға сай келмейтін әрекеттер адамдардың бүгіндері демонстрацияға шығуға мәжбүр етіп отыр. Демократияны жақтаушылардың көп болуы мені қуантады. Біздің адамдар әділетсіздікке қарсы тұрып, тұтаса саяси өмірге белсене араласып жатуы менде бір жағынан мақтаныш, тағы бір жағынан уайым сезімін оятты. Біз әділетті және еркін болашақ үшін абсолютті тәуелсіздікке, заң үстемдігіне деген сенімімізді жоғалтпай біріге алатынымызды көргеннің өзі бір ғанибет", деп жазды әнші Х әлеуметтік желісінде.
Demokrasinin erdemlerine ve önemine inanan biri olarak, her zaman en temel özgürlük haklarımız için yükselttim sesimi. Yeri geldi kadınların, çocukların güvencesi, geleceği, yeri geldi doğa ve hayvan hakları için ama en çok da bağımsız, adil bir hukuk sistemi için yükselttim…
— Tarkan (@tarkan) March 23, 2025
Бұған дейін қамауға алынған Ыстамбұл мэрі президенттікке кандидат ретінде ұсынылған болатын. Сондай-ақ Түркияда толқу әлі жүріп жатқанын жазғанбыз. Ердоғанның басты оппоненті ұсталып, түрік лирасының құны рекордтық деңгейге дейін құлдыраған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:27, 20 қараша 2025
Өзбекстанда киберқылмыс өршіп барады
-
17:39, 19 қараша 2025
Таиланд шетелдіктерге қатысты виза режимін қатаңдатты
-
11:15, 18 қараша 2025
Үндістанда хакерлер перзентханалардағы камераларды бұзып, видеожазбаларды әлеуметтік желілерде сатқан
-
11:09, 18 қараша 2025
Бразилияда ежелгі қолтырауын табылды
-
10:34, 18 қараша 2025
Оңтүстік Кореяда ең ірі қалқымалы күн электр станциясы іске қосылды





