Швейцариялық банк 6500 қызметкерді жұмыстан босатпақ

19:52, 15 ақпан 2017

Жүргізуші:

-Жаһаннан келіп тсүкен жаңалықтар легімен Зайнұр Байжігіт таныстырады. Кезек Шартарап айдарында.

Зайнұр Байжігіті, тілші:

-Әлемдегі ең ірі жекеменшік банктердің бірі «Кредит Сьюз» биыл мыңдаған қызметкерін жұмыстан босатпақ. Шығынды азайта алмаған «Тошиба» төрағасы отставкаға кетті. отбивка

Швейцариялық «Кредит Сьюз» банкі 6 500 қызметкерді жұмыстан босатады. Мердігерлер және кеңесшілер қысқартуға ілігуі мүмкін. «СиЭнЭн» мәліметінше, Швейцарияның ірі жекеменшік банкінің шығыны 2,4 млрд доллар болған. Қаржы ұйымы қызметкерлерді қысқартып, қомақты шығынды азайтпақ. Бұған қоса инвестициялық шараларды қысқартып, ауқатты клиенттердің капиталын басқаруға көбірек мән бермек.

Жапонияның трансұлттық «Тошиба» корпорациясының төрағасы отставкаға кетті.  Конгламераттың шығыны 3,4 млрд долларға жеткен. Бизнесменнің қызметімен қош айтысуының себебі осы. Жағдайды түзету үшін компания мәлімет сақтау карталарын шығаратын бизнесті сатпақ. Корпорация Westinghouse компаниясын алған соң, шығынға батты. Ол атом электр станциясын салумен айналысады. «Фукусимадағы» апаттан соң, бизнестің бұл түріне бүкіл әлемде сұраныс азайған. Салдарынан корпорация 2015 жылы 6 млрд доллар жоғалтқан еді.

Үндістан әлемдік рекорд орнатты. Ғалымдар ғарышқа бір мезетте 104 жер серігін ұшырды. Жалпы салмағы 1400 келі болатын аппараттарды орбитаға бір зымыран алып шыққан. Осылайша Үндістан Ресейдің жетістігін жаңартты. 2014 жылы олар бір зымыранмен ғарышқа 37 жер серігін ұшырған. Сарапшылар: «Бұл Үндістанның ғарышты игеруге деген құлшынысын байқатады», – дейді.

Жүргізуші:

-Ғарышты АҚШ пен Ресей игереді деген ұғым ше? Жер серіктерінің бәрі Үндістанға тиесілі ме?

Зайнұр Байжігіт, тілші:

-Қондырғылардың бірі Қазақстандікі. 95-і америкалық компанияға тиесілі. Қалғаны Израиль, Швейцария, Нидерланд пен Біріккен Араб Әмірліктерінікі екен.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!