Ресей рублімен қоса теңге де құнсыздана ма? Сарапшы пікірі

17:30, 29 шілде 2020

Долларға шаққанда Ресей рублі неге құнсыздандып жатыр, бұл теңгенің айырбас бағамына әсер етуі мүмкін бе? Осыған қатысты қазақстандық экономист Олжас Төлеуов өзінің Tengenomika телеграмарнасында жазба жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

- Рубльдің бұлай әлсіреуінің себебі Ресейдегі салық аптасының аяқталуымен байланысты, Орталық банк осыған байланысты шілде айының екінші жартысында Ресей валютасын қолдады, сондай-ақ доллар индексіндегі (DXY) 93,4-93,5 деңгейінде құбылуы да оған әсер етті, - деп жазды сарапшы.

Жалпы алғанда, оның айтуынша, қазіргі уақытта Ресей рублі ғана емес, сонымен бірге басқа тауарлық валюталар (норвегиялық крон, мексикалық песо, канадалық доллар) АҚШ долларына қатысты әлсіреп жатыр, бұл дамушы елдердің валюта нарығында сипат алған жалпы үрдісті көрсетеді.

"Естеріңізге сала кетейік, алдында теңгенің айырбастау бағамына қысқа мерзімді және орта мерзімді қауіп-қатерінің негізгі факторы ретінде рубльдің құнсыздануын қарастырған едік, міне соны қазір қайта байқауға болады. Осы жағынан алғанда, осы сөз етілген барлық жағдай, қазақстандық валютаның бағамына қазір қосымша қысымның күшеюі мүмкін екенін көрсетеді", - деп қорытындылайды өз ойын Олжас Төлеуов.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!