Путин туған күнінде өз жалақысын көбейтті

15:43, 8 қазан 2019

Ресей президенті Владимир Путин 67 жасқа толған күні өзінің және тағы да бірнеше жоғары лауазымды шенеуніктің жалақысын көбейтті, деп хабарлайды Азаттық.

Путиннің 7 қазанда қол қойған өкіміне қарағанда, президент жалақасы былтырғы инфляцияның ресми деңгейімен бірдей, яғни 4,3 пайызға өскен. Ресей президентінің жалақысы 11 мың доллардан 11500 АҚШ долларына жуықтаған (746 мың рубль).

Өзге жоғары лауазымды шенеуніктердің жалақысы да 4,3 пайызға жоғарылаған. Оның ішінде қорғаныс министрі Сергей Шойгу, премьер-министр Дмитрий Медведев,Федералды қауіпсіздік қызметінің басшысы Александр Бортников және тағы да басқалар бар.

Ресей жоғары лауазымды қызметкерлерінің жалақысы былтыр 4 пайызға көбейген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!