Польшада президенттік сайлау басталды

© Сурет: pexels
Кезекті президент сайлауы басталған Польшада 2025 жылдың 18 мамырында дауыс беру учаскелері ашылды. Дауыс беру процесі Астана уақыты бойынша сағат 00:00-ге дейін жалғасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазіргі президент Анджей Дуда сайлауға қатыса алмайды, өйткені ол бұл қызметті қатарынан екі рет атқарған.
Польшаның президенттік креслосынан 13 саясаткер үмітті:
- Рафал Тшасковский, Дональд Тусктың "Азаматтық коалициясынан";
- Карол Навроцкий, Ярослав Качинскийдің "Құқық және әділеттілік" оппозициясы партиясынан;
- Славомир Ментцен, "Конфедерация" ұлтшылдар мен еуроскептиктер коалициясынан;
- Сейм спикері Шимон Холовня;
- Магдален Беят, "солшылдар" атынан;
- Адриан Зандберг, "Біргеміз" қозғалысынан;
- Гжегож Браун, "Поляк тәжі конфедерациясы" партиясынан;
- Марек Вох, партиядан тыс өзін-өзі басқарушылардан;
- Иоанна Сенышин, "Солшыл демократтардан";
- Марек Якубяк, "Ерікті республикашылардан";
- Мачей Мацяк, "Әл-ауқаттылық пен бейбітшілік үшін қозғалысынан";
- Артур Бартошевич, партия қатарында жоқ;
- Кшиштоф Становский, блогер.
Олардың үшеуі - Тшасковский, Холовня және Якубяк 2020 жылғы президенттік сайлауға қатысқан. Екінші турда Тшасковский Дудадан шамамен 1% айырмашылықпен ұтылды.
1 маусымда өтетін сайлаудың екінші турына бәсекелестерінен үлкен айырмашылықпен "Құқық және әділеттілік" кандидаты, Ұлттық еске алу институтының директоры Карол Навроцкий және премьер-министр Дональд Тусктың басқарушы коалициясының кандидаты, Варшава мэрі Рафал Тшасковский төбе көрсетеді деп күтіледі.
Бұған дейін Израиль Йеменге тағы да әуеден шабуыл жасағаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:55, 13 маусым 2025
Air India ұшағында тағы бір төтенше жағдай орын алды
-
13:24, 11 маусым 2025
Лос-Анджелестегі жаппай тәртіпсіздіктер: қала мэрі төтенше жағдай енгізіп, коменданттық сағат жариялады
-
11:07, 11 маусым 2025
Үндістан халқы 1,5 миллиард адамға жақындады
-
10:54, 11 маусым 2025
Лос-Анджелесте бүлік басталды
-
10:38, 11 маусым 2025
Дубайда әлемдегі ең биік метро станциясы салынады