Пентагон қытайлық смартфондарға тыйым салды

10:34, 3 мамыр 2018

Әлем бойынша АҚШ-тың барлық әскери базасында қауіпсіздіктің салдарынан қытайлық Huawei және ZTE компанияларының смартфондарын сатуға тыйым салды. Бұл туралы Пентагонның баспасөз хатшысы Дэйв Истберн мәлімдеді, деп хабарлайды Washington Post.

Оның айтуынша, смартфондарды сатуды тоқтату туралы бұйрық 27 сәуір, жұма күні берілді. Сондай-ақ, интернет-модемдер мен басқа да ұялы байланыс құралдарына да тыйым салынды.

Әскери кафедра қызметкерлері құрылғыларды жұмыс мақсатында пайдалануды жалғастыра алады. Дегенмен, Пентагон қытайлық смартфондарына байланысты қауіпсіздік қатерлерін есте сақтауды сұрайды. Нақты қандай қатер екенін министрлік ашып айтпады.

Осыған дейін, 14 ақпанда АҚШ-тың арнайы қызметі америкалықтарға Huawei қытай смартфондарын пайдалануды ұсынбайтындығы хабарланған болатын. Америкалық тарап гаджет жасаушы және қытайлық ZTE телекоммуникациялық компаниясы ҚХР үкіметі үшін жұмыс істейтіндігіне алаңдаушылық білдірді.


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!