Пәкістандағы теракт үшін жауапкершілікті талибтер өз мойнына алды
© Сурет: pexels
Пәкістандағы "Талибан" қозғалысының өкілдері Исламабадтағы сот ғимараты маңында болған жарылыс үшін жауапкершілікті өз мойнына алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
CBC дерегінше, Пәкістан астанасында болған жарылыс салдарынан 12 адам қаза тапқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға Исламабадтың аудандық сотына кіреберіс маңында болған. Бұл жерде әдетте сот процесіне қатысушылар көп жиналатын. Полицияның мәліметінше, жарылыс сот ғимаратының жанында тұрған автокөлікте болған.
"Зардап шеккендер арасында арызданушылар мен адвокаттар бар. Жарылыстан кейін сот ғимараты босатылды. Іште болғандар артқы есік арқылы эвакуацияланды, ал сот отырыстары уақытша тоқтатылды", – делінген хабарламада.
Пәкістандық "Талибан" қозғалысынан бөлініп шыққан "Джамаат-уль-Ахрар" тобы шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алғанын журналистерге ұйым жетекшісі Омар Мукарам Хорасани мәлімдеді. Алайда ұйымның ықпалды командирі Сарбакаф Мохманд бұл айыптауларды жоққа шығарған.
"Ахрар" тобы 2022 жылы ұйым басшысы Ауғанстандағы жарылыстан қаза тапқаннан кейін Пәкістандық "Талибан" қозғалысынан бөлініп шыққан. Ол Ауғанстандағы "Талибан" қозғалысынан тәуелсіз әрекет етеді, бірақ онымен одақтық байланыста.
Бұған дейін "Джамаат-уль-Ахрар" тобы ауқымы жағынан кішігірім шабуылдар жасаған, алайда енді Исламабадтағы теракт Пәкістан үкіметінің жағдайын одан әрі қиындатуы мүмкін деп болжануда.
Бұған дейін Ауғанстанда әйелдер радиостанциясының ашылғаны хабарланған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:16, 12 қаңтар 2026
Қытайлық ғалымдар ескі ұялы телефондардан алтын бөліп алудың 20 минуттық тәсілін тапты
-
11:44, 12 қаңтар 2026
Малайзияда тасқын су салдарынан мыңдаған адам эвакуацияланды
-
11:30, 12 қаңтар 2026
Дональд Трамп өзін Венесуэла президентінің міндетін атқарушы деп жариялады
-
08:42, 12 қаңтар 2026
Ұлыбритания Украинаға «Мәскеуге дейін жете алатын» баллистикалық зымырандар тапсырады
-
20:38, 11 қаңтар 2026
Мадуро түрме камерасынан жақтастарына видеоүндеу жолдады





