Супермодель Синди Кроуфордтың 27 жастағы ұлы қайтыс болды
© Сурет: X/@popbackupp
АҚШ-тың Калифорния штатында танымал супермодель әрі актриса Синди Кроуфордтың 27 жастағы ұлы Пресли Гербер қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Пресли 2026 жылғы 20 қыркүйек, жексенбі күні Лос-Анджелестегі оңалту орталығында көз жұмған. Сараптама әлі аяқталмағандықтан, өлімінің нақты себебі әзірге белгісіз, деп жазады TMZ.
Синди Кроуфордтың, оның күйеуі Рэнди Гербердің және қызы Кайя Гербердің өкілі Преслидің қайтыс болғанын растады. Ол отбасының "осы қиын әрі ауыр кезеңде жеке өміріне құрметпен қарауды" сұрағанын айтты.
Пресли Гербер 1999 жылы дүниеге келген. Ол Кроуфорд пен америкалық кәсіпкер Рэнди Гербердің тұңғышы. Кіші қарындасы Кайя Гербер сияқты Пресли де модельдік мансабын жас кезінен бастаған. Ол 16 жасында италиялық Moschino бренді көрсетілімінде алғаш рет подиумға шыққан.
Гербер соңғы жылдары психикалық денсаулығына және есірткі қолдануына байланысты проблемалары туралы ашық айтқан. 2025 жылғы желтоқсанда ол Instagram желісінде рецепт бойынша берілетін дәрілерді, соның ішінде антидепрессанттар мен үрей ұстамасына қарсы препараттарды қабылдағаны туралы егжей-тегжейлі баяндаған видео жариялаған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:02, 22 қыркүйек 2026
Google танымал функциялары үшін 207,5 млрд теңге айыппұл төледі
-
14:46, 22 қыркүйек 2026
Австралияда ер адам үш жыл бойы үйінде 17 келілік метеоритті сақтап келген
-
12:59, 22 қыркүйек 2026
АҚШ-та адам мен робот алғаш рет жекпе-жекке шықты
-
16:26, 21 қыркүйек 2026
Рамзан Қадыров Шешенстан басшысы сайлауында рекордтық нәтижемен жеңіске жетті
-
13:29, 21 қыркүйек 2026
Францияда жол апатынан кейін полиция мен жастар қақтығысты





