Пәкістан Үндістанмен қақтығыста ядролық мәселені қозғады
© Сурет: pexels
Соңғы аптадағы әскери әрекеттердің шиеленісуіне байланысты Пәкістан Үндістанға соққы беру үшін ядролық оқтұмсықтарды орналастыру мүмкіндігін қарастырмады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 12 мамырда CNN-ге елдің Сыртқы істер министрі Исхак Дар мәлімдеді.
10 мамырда Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтату туралы келісімге келгеннен кейінгі алғашқы сұхбатында Дар 7 мамырдағы Үндістанның шекаралық шабуылдарынан кейін Исламабадтың "өзін-өзі қорғау" мақсатында соққылар жасауға "басқа таңдауы болмағанын" айтты.
Өткен аптадағы қақтығыс 1971 жылдан бергі екі ядролық держава арасындағы ең жойқыны болды, нәтижесінде ондаған адам қаза тауып, соғысқа қатысты алаңдаушылық артты.
Дар Үндістанның соққыларын "соғыс" және "өзінің гегемониясын орнатуға ұмтылған әрекет" деп атап, бірақ ядролық нұсқа ешқашан қарастырылмағанын түсіндірді.
"Кейде өте маңызды шешімдер қабылдауға тура келеді. Біз әуе мен құрлықта оларды жеңуге жеткілікті күшіміз бар екеніне толық сенімді болдық", – деді ол.
Өткен сәрсенбідегі алғашқы шабуылдан кейін Пәкістан Үндістан әуе күштерінің бес ұшағын, соның ішінде Нью-Дели бірнеше жыл бұрын сатып алған қазіргі заманғы француз ұшақтары-үш Rafale-ді атып түсіру үшін қытайлық истребительдерді қолданғанын мәлімдеді.
Бұған дейін Мексикада мэр лауазымына үміткердің тікелей эфир кезінде атып өлтірілгендігі хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:29, 13 наурыз 2026
Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы алғашқы үндеуінде кек алатынын мәлімдеді
-
10:26, 13 наурыз 2026
Жерге магниттік дауылдар соғады
-
15:44, 12 наурыз 2026
Таяу Шығыстағы қақтығыс Түркияның туризм саласына әсер етуде
-
12:56, 12 наурыз 2026
Иранның жаңа жоғарғы басшысы жарақат алды
-
12:42, 12 наурыз 2026
Қытайда үйрек баққан фермер кенеттен олжаға кенелді





