Өзбекстанның Бұқар қаласы су астында қалды

17:03, 27 ақпан 2018

Өзбекстандағы Бұқар қаласының символы – Чор-Минор медресесі су астында қалды. Медресе ғана емес, қаланың басқа аймақтарын толассыз жауған жаңбыр салдарынан су басты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі centre1.com сайтына сілтеме жасап.

Бұқар қаласында жаңбыр тоқтамай үш тәулік бойы жауған. Бәрінен көп 26 ақпан күні жауды. Күннің алғашқы жартысынан бастап әлеуметтік желілерде қаланы су басқан сәт таспаланған түрлі сурет жарияланды.

Толассыз жауған жауын-шашын салдарынан қаланың бірнеше ауданында жарық сөнген. Мұнымен қатар, көліктер қозғала алмай, әйгілі Чор-Минор медресесі су астында қалған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!