Өзбекстан да сыртқы қарызға белшесінен батып отыр

16:05, 11 қыркүйек 2020

10 қыркүйекте Өзбекстанның қаржы министрлігі 2020 жылдың алты айындағы мемлекет қарызы туралы есеп жариялады, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Министрлік мәліметі бойынша, биыл 1 шілдеге дейін Өзбекстан мына ұйымдарға қарыз:

Азия даму банкі - 3,9 миллиард доллар;

Дүниежүзілік банк - 3 миллиард доллар;

Эксимбанк Кытай - 2 миллиард доллар;

Жапонияның халықаралық әріптестік агенттігі - 1,7 миллиард доллар;

Қытайдың мемлекеттік даму банкі - 1,3 миллиард доллар;

Халықаралық инвесторлар - 1 миллиард доллар;

Ислам баму банкі - 0,8 миллиард доллар;

Жапонияның халықаралық әріптестік банкі - 0,4 миллиард доллар;

Басқа да қаржы институттары - 3,2 миллиард доллар.

Есепке сәйкес, Өзбекстан үкіметінің қарызы 19,4 млрд доллар болды. Бұл - республиканың жалпы ішкі өнімінің 34 пайызы.

Биыл алты айда Өзбекстанның сыртқы қарызы 1,6 млрд долларға артқан. Республиканың ішкі қарызы 2,1 миллиард долларға көбейген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!