Нью-Йорк әкімдігі вакцина салдырғандарға 100 доллардан ұсынып жатыр

10:52, 29 шілде 2021

© Сурет: AM Davies Solicitors Harrogate

Нью-Йоркте коронавирусқа қарсы вакцина салдыртамын деушілердің әрқайсысына 100 доллар ұсынылғалы жатыр. Бұл туралы қала әкімшілігі мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қала мэрі Билл де Блазио 28 шілдеде өткен брифингте вакциналау деңгейін арттырудың жаңа әдісі туралы айтты.

Жұмадан бастап қала орталығында COVID-19 вакцинасының алғашқы дозасын ектіріп, 100 доллар алыңыз. Бәрі оңай, - деді ол.

Америкалық бұл қалада тұрғындарды вакциналау науқаны көктемде басталған. Вакцина алғандарға лотерея билеттері таратылды. Бір үкіметтік емес ұйым, тіпті шөп (есірткі) орамасын да ұсынды, өйткені оны тұтыну Нью-Йоркте тыйым салынбаған.

Көптеген қолданушылар бұл хабарландырудан соң сұрақтарды жан-жақтан жаудырды: егер мен вакцина алып қойған болсам, 100 долларды қайдан алсам болады десіп жатыр.

Қалалық денсаулық сақтау департаментінің мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта Нью-Йорк тұрғындарының 54,4% коронавирусқа қарсы толықтай егілді, тағы 4,8% вакцинаны жартылай алған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!