Новосібір зоопаркіндегі өрт кезінде жануарлар тірідей жанып кетті
© Сурет: Telegram/Новосібір зоопаркі
23 қыркүйек күні Р. А. Шило атындағы Новосібір зоопаркінде болған өрт салдарынан 11 жануар тірідей жанып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ресей ТЖМ Новосібір облысы бойынша баспасөз қызметінің жетекшісі Павел Винаков мәлімдеді. Винаковтың айтуынша, құтқарушылар 20-дан астам жануардың өмірін сақтап қалған.
"Құтқарушылар келгенге дейін зоопарк аумағындағы екі ғимараттың бірі — жануарлар орналасқан қора толықтай өртке оранған болатын, сондықтан барлығын бірдей құтқару мүмкін болмады", – делінген ақпаратта.
Өрттен шотланд бұқасы, түйе, нубиялық ешкілер, бұғылар, яктар мен кірпішешендер аман қалған. Жалын шарпыған аумақ шамамен 180 шаршы метрді құрады.
Новосібір мэрі Максим Кудрявцевтің айтуынша, зоопарк қызметкерлері зардап шекпеген. Ол өрттің толықтай сөндірілгенін, оқиға орнында 30-дан астам құтқарушы мен 10 техника бірлігі жұмыс істегенін мәлімдеді. Қызыл жалынның басқа ғимараттар мен ағаштарға таралуына жол берілмеген.
Бұған дейін АҚШ-та танымал аң үйретушіні жолбарыс талап өлтіргенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:01, 27 шілде 2026
Түркияда жолаушылар мінген көлік шатқалға құлап, бес адам қаза тапты
-
10:56, 27 шілде 2026
Тағы бір альпинист қаза тапты: Эльбрус тауы бір аптада жеті адамның өмірін жалмады
-
10:18, 27 шілде 2026
Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс
-
10:08, 27 шілде 2026
Эбола індеті өршіп барады: дәрігерлер вакцина мен дәрі-дәрмек тапшылығы туралы мәлімдеді
-
13:41, 26 шілде 2026
Қытайда алапат тайфуннан жүздеген мың адам эвакуацияланды





