Мұнай бағасы тағы құлдырады

14:59, 27 наурыз 2020

Лондондағы ICE биржасында 2020 жылдың 27 наурызында сауда барысында Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 26 доллардан да төмендеп кетті, деп хабарлайды zakon.kz Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан уақытымен түнгі сағат 1:25-те мамыр келісімшартында көрсетілген мұнай баррелінің бағасы 25,98 долларға дейін төмендеді. Одан кейін ол қайтадан 26 долларға көтерілді. 27 наурыздағы WTI мамырдағы фьючерсттің америкалық мұнай баррелінің бағасы 22,7-23,3 доллар аралығында болды.

Коронавирустың және Ресей мен Сауд Арабиясының өндірісті қысқарту бойынша ОПЕК + келісімінен шығуы салдарынан шикізатқа сұраныс төмендеп, наурыздың басында мұнай бағасы қатты құлдырады. Нәтижесінде Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 25 доллардан да төмендеді және 2003 жылдағы деңгей жаңартылды. Ресейлік Urals маркалы мұнайдың бір баррелінің құны 19 доллардан төмендеді, бұл 2002 жылдан бергі антирекордтық көрсеткіш. WTI америкалық шикізаты 21 доллардан төмендеді, бұл - 2002 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!