Молдова әлемдік шарап өндіруші мәртебесінен айрылды
© Сурет: pixabay
Молдова әлемдік шарап нарығындағы өз орнын жоғалтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
15 сәуірде Халықаралық жүзім өсірушілер мен шарап өндірушілер ұйымы жүзімнің сатылымы 2024 жылы өткен жылмен салыстырғанда 3,3%-ға төмендеп, 214,2 миллион гектолитрді құрағанын айтты. Ұйымның мәліметінше, танымал алкогольдің әлемдік сатылымы 1961 жылдан бергі ең төменгі деңгейді көрсеткен.
Шарап сүйер қауымның көш басында Италия, Франция және Испания азаматтары тұр. Бұл ретте, ресейліктер арасында өнім айтарлықтай сұраныста болған. Олар 11-ші орынға тұрақтады.
Ұйымның статистика бөлімінің бастығы Джорджио Дель жүзімнен жасалатын шарап өнеркәсібі тұралап қалғанын айтты. Оның айтуынша, адамдардың денсаулық жағдайындағы мәселелер тұтынудың төмендеуіне әкеліп отыр. Енді бір себеп, экономикалық факторлардың жағдайды ушықтыруы. Мұнымен қоса, ол Дональд Трамптың баж салығы "тағы бір проблема" болады деген алаудаушылығын да жасырмады.
Бұған дейін Румынияда ежелі тайпаның құнды жәдігерлері табылғандығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:27, 20 қараша 2025
Өзбекстанда киберқылмыс өршіп барады
-
17:39, 19 қараша 2025
Таиланд шетелдіктерге қатысты виза режимін қатаңдатты
-
11:15, 18 қараша 2025
Үндістанда хакерлер перзентханалардағы камераларды бұзып, видеожазбаларды әлеуметтік желілерде сатқан
-
11:09, 18 қараша 2025
Бразилияда ежелгі қолтырауын табылды
-
10:34, 18 қараша 2025
Оңтүстік Кореяда ең ірі қалқымалы күн электр станциясы іске қосылды





