Могадишодағы жарылыстан қаза тапқандар саны 189 адамға жетті

18:39, 15 қазан 2017

Сомали астанасы Могадишода 14 қазанда болған жарылыстан қаза тапқандардың саны 189-ға жетті.

Бұл туралы RT агенттігі жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлады.

«Сомали астанасында бомба орнатылған жүк көлігі жарылысынан қаза тапқандар саны 189-ға жетті, 200 адам жараланды», – деп жазады Associated Press. Айта кетейік, бұл Могадишо тарихындағы ең үлкен жарылыстардың бірі ретінде тарихта қалды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!