Мәскеуде Ертаевтың бизнесімен байланысты «Алмателдің» бас директоры қамауға алынды

14:53, 24 қыркүйек 2020

Мәскеуде Алмател телекоммуникация операторының бас директоры Александр Гадалов қамауға алынды. Оны қамауға алу туралы өтінішті ҚР ІІМ жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

12 қыркүйекте Мәскеудің Таган аудандық соты Гадаловаға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын бекітті. Ол Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 159-бабы, яғни "Ұйымдасқан топпен жасалған немесе жеке тұлғаны тұрғын үй құқығынан айыруға әкеп соққан аса ірі көлемдегі алаяқтық" бойынша айыпталады.

23 қыркүйекте бас директор бұл шешімге қарсы қалалық сотқа шағымданды. Қазір іс судьяның қарауында, деп хабарлайды Мәскеу қалалық сотының сайты.

"Алмател" Ресейден Қазақстанға экстрадицияланған экс-банкир Жомарт Ертаевқа тиесілі қазақстандық Alma Group компаниясына қарайды. Cnews.ru басылымы Гадаловты қамауға алу туралы өтініш ҚР ІІМ-нен түскен және Ертаев ісімен байланысты деп хабарлайды. Бұған дейін прокурордың Жомарт Ертаевқа 11 жыл бас бостандығынан айыруды сұрағаны хабарланған болатын. Ол Bank RBK-дан 144 миллиард теңгені жымқырды деп айыпталуда. Тергеу мәліметтері бойынша, банкир өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, 2011- 2017 жылдар аралығында аталған соманы ұрлап үлгерген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!