Мексикада жер сілкінісінен қаза тапқандар саны артты

13:24, 20 қыркүйек 2017

Мексикада апаттан қаза тапқандар саны 226 адамға жетті.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісі бастапқыда айтылғандай тек Пуэбла штаты емес, сондай-ақ көршілес Герреро штаты мен Морелос штатына да таралып, мұнда тұрғындар қаза тапты.

Еске сала кетсек, таяуда Мексика аумағында күші 7,1 балдық зілзала тіркелді.

Энрике Пенья Ньето, Мексика президенті:

 

-Аймақта іздестіру-құтқару жұмыстары мен апаттың салдарын жою жұмыстары жалғасуда. Операцияға жергілікті  әскерилер, тәртіп сақшылары атсалысуда. Қирандылар астынан адамдар табылуы мүмкін. Сақтық шараларды сақтауға  шақырамын.

 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!