Масқара паненка. Пенальти тепкен футболшы қақпашыны жер қылды

09:32, 26 сәуір 2019

Австралияның "Брисбен Роар" клубында ойнайтын франциялық футболшы Эрик Ботеак "Аделаида Юнайтедке" қарсы ойында пенальтиді тым ерекше әдіспен орындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Француз паненка әдісімен тепті. Бірақ әдеттегідей әуелете емес, жермен домалата салды.

  • Паненка – пенальти орындау кезінде допты бұрышқа қатты тебетіндей түр жасап, шын мәнінде қақпаның ортасына ақырын әуелете соғу. Мұндай пенальтиді чехословакиялық футболшы Антонин Паненка 1976 жылғы әлем чемпионатында ГФР (ФРГ) қақпасына соққан. Содан бері бұл әдісті паненка деп атайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!