Мас күйде кісі өлтірген Ресей актері Михаил Ефремов 12 жылға кетуі мүмкін

14:39, 9 маусым 2020

Ресейдің танымал актері Михаил Ефремов Мәскеуде мас күйде көлік апатын жасап, соның салдарынан бір адам өлді, деп хабарлайды zakon.kz.

Мас күйдегі актердің мінгені – Jeep Grand Cherokee деген автокөлік. 8 маусымда кешке ол қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, Лада көлігін соқты. Лада жүргізушісі ауруханада көз жұмды.

Актерге қарсы қозғалған қылмыстық істің бабы бойынша, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Ефремовтың көлік рөлінде мас күйде болғанын сараптама растады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!