Лукашенко құрлықтағы әскери операцияларға дайын болуы қажет екенін мәлімдеді
© Сурет: akorda.kz
Александр Лукашенко Беларусь армиясын қаруландыру мәселесіне арналған жиында елдің құрлықтағы әскери операцияларға дайын болуы қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
БелТА агенттігінің жазуынша, жиында мемлекеттік қарулану бағдарламалары мен қорғаныс тапсырыстары талқыланған.
Беларусь президентінің айтуынша, соңғы әскери қақтығыстар "құрлықтағы операциясыз жеңіске жету мүмкін еместігін" көрсетті. Сондықтан Беларусь әскері мұндай жағдайларға дайын болуы тиіс.
"Қазіргі қақтығыстар соны дәлелдеп отыр. Мысалы, Иран, Израиль және АҚШ арасындағы қарулы текетірес нені көрсетті? Бір-бірін бомбалап, зымыранмен атқылады. Бірақ нәтижесінде жеңіске жетті ме? Жоқ. Құрлықтағы операциясыз ешқайда бара алмайсың", – деді Александр Лукашенко.
Оның сөзінше, ықтимал соғыс жағдайында Беларусь сарбаздары негізгі әрі сенімді қару түрлерін меңгеруі керек. Сондай-ақ елдің географиялық ерекшеліктерін ескеріп, мемлекетке нақты қажет қару-жарақты сатып алып, өндіру маңызды екенін айтты.
Жиын барысында Лукашенко армияны барлық заманауи қарумен толық жабдықтаудың қажеті жоқ екенін де атап өтті. Оның пікірінше, белорус офицерлері еркін меңгеріп, тиімді пайдалана алатын қару түрлеріне басымдық берілуі тиіс.
Бұған дейін Майами маңында ірі орман өрті таралып жатқанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:28, 13 мамыр 2026
Қырғызстан ҰҚМК-ның экс-басшысы Камчыбек Ташиевке қатысты іс сотқа өтті
-
11:16, 13 мамыр 2026
Франклин экспедициясының құпиясы: 180 жылдан кейін ғалымдар жаңа жаңалық ашты
-
10:47, 13 мамыр 2026
Иран АҚШ-тан санкциялар мен әскери әрекеттер үшін өтемақы талап етті
-
10:12, 13 мамыр 2026
Хантавирус: ДДСҰ басшысы әлемдегі қазіргі жағдай туралы мәлімдеді
-
10:54, 12 мамыр 2026
Қолтырауын әйелге шабуыл жасап, оны су түбіне сүйреп алып кетті





