Лондонда жүрген Армен Саркисян ауруханаға түсіп қалды

Коронавирус инфекциясын жұқтырған Армения президенті Армен Саркисян екі жақты пневмония диагнозымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Коронавирустың жаңа түрін жұқтырып, басында үйден емделген президент Армен Саркисян ауруханаға түсті. Президент Саркисянда коронавирусқа тән белгілер бар: жоғары температура және екі жақты пневмония, - дейді Армения президенті әкімшілігінің баспасөз қызметі.
5 қаңтарда Армения басшысының кеңсесі сол кезде Лондонда болған Саркисянға коронавирус диагнозы қойылғанын, ол сол жақта қалып, өзін-өзі оқшаулағанын хабарлады. Оның әйелі де ауру жұқтырды.
8 қаңтарда президенттің көмекшісі Хасмик Петросян коронавирусты жұқтырғандықтан оқшауланған Саркисянда ауру ауыр өтіп жатқанын айтқан. Сондай-ақ ол денсаулық жағдайы тұрақталып, дәрігерлер рұқсат берген соң Президент өз міндеттерін орындау үшін Ереванға дереу оралатынын атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:33, 25 ақпан 2021
Лукашенко Қазақстанның тәжірибесіне сүйенгісі келеді
-
10:39, 25 ақпан 2021
Путин Қырғызстанда орыс тілін нығайту жоспары барын айтты
-
13:59, 24 ақпан 2021
Пандемия 2022 жылдың басында аяқталуы мүмкін - ДДСҰ
-
09:18, 24 ақпан 2021
Өзбек президентінің таудағы құпия шипажайы табылды
-
15:01, 23 ақпан 2021
Спутник V вакцинасын Қырғызстан тіркеді
Пікір