Лондонда Зеленскийдің қатысуымен ЕО басшыларының саммиті өтті
© Сурет: Владимира Зеленский 2 telegram-арнасы
2025 жылдың 2 наурызында Украина президенті Владимир Зеленскийдің Ақ үйдегі Дональд Трамппен болған даулы кездесуінен кейін Еуропа елдерінің басшылары онымен кездеспек болып Лондонға жиналды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ABC News дерегінше, Зеленский АҚШ-тағы сәтсіз сапарынан кейін еуроодақтан қолдау күтіп отыр.
Саммиттен кейінгі баспасөз мәслихатында Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер "барлық еуропалық елдер бейбіт келісімге қол жеткізуге және "кейбір міндеттерді өздерніе алуға" үлес қосуы керек" деді.
Стармер Украинаны қолдау жоспарына көмек ағынын жалғастыру және Ресейге экономикалық санкцияларды сақтау кіретінін айтты. Оның айтуынша, кез-келген бейбіт келісім Украинаның егемендігі мен қауіпсіздігіне кепілдік беруі керек және ол келіссөздер арқылы жүргізілуі тиіс.
Ұлыбритания тарапы Еуропаның соның ішінде Ұлыбританияның Украинаға әскери көмек көрсетуді жалғастыратынын, бірақ бұл жоспардың АҚШ-тан қолдау күтетінін айтты.
Бұл ретте, келіссөздер әлі аяқталған жоқ. 6 наурыз, бейсенбіде Еуропалық Кеңестің арнайы отырысы жоспарланған, оған тағы да Зеленский Украинадағы жағдайды талқылауға шақырылды.
Бұған дейін Еурокомиссия басшысы Зеленскийді қолдап, Киевпен алда да жұмыс істейтіндерін айтқан болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:13, 29 сәуір 2026
Бурятиядағы шахтада болған қайғылы оқиға: қаза тапқандар арасында қазақстандық бар
-
17:44, 28 сәуір 2026
Францияда ұрланған 300 млн теңгеге жуық қазына Мәскеуден табылды
-
18:39, 27 сәуір 2026
Күнде екі қуатты магниттік жарқыл тіркеліп, оның әсері Жерге жетті
-
12:59, 27 сәуір 2026
Қырғызстанда оқу жылының басталуы 15 қыркүйекке шегерілді
-
11:23, 26 сәуір 2026
Вашингтондағы атыс: Трамп мәлімдеме жасады





