Қытайда коронавирусты жұқтырғандарға арналған жылжымалы изолятор видеоға түсіп қалған

16:10, 23 қаңтар 2020

Қытайдың өлімге әкеліп соқтыратын коронавирус жұқтырғандарға арналған жылжымалы мобильді изоляторды видеоға түсіріп алғандар бар. Шанхай әуежайынан түсірілген видеоны Telegram-дағы "Қытай қаупі" арнасы жариялады, деп хабарлайды Lenta.ru.

Видеода қара киім киген әуежайдың бірнеше қызметкері ғимарат ішінен терезесі мен есігі бар кішкентай сары кабинаны сүйреп алып шығып бара жатқаны көрсетілген. Оған қолында чемодандары бар әйел адам аңтарылып қарап тұр.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, 2019-nCoV қытай коронавирусынан қайтыс болғандар саны 17 адамға артты. Одан бөлек оны 455 адам жұқтырған, олардың көбісі Ухань қаласынан. Бірнеше жағдай Қытайдан тыс жерде де тіркелді: Жапонияда, Оңтүстік Кореяда, Таиландта және АҚШ-та. Вирустың адамнан адамға жұғады.

Инфекцияның негізгі белгілері – қызудың көтерілуі, әлсіздік және қақырықты жөтел.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!