Қырғызстанда қазақ диаспорасының экс-басшысы қамауға алынды

09:48, 15 сәуір 2021

© Сурет: kabar.kg

Қырғыз Республикасындағы қазақ диаспорасының бұрынғы басшысы Марат Тоқтаучиков "сатқындық жасады" деген айыппен қамауға алынды, деп хабарлайды zakon.kz.

24.kg ақпарат агенттігі 13 сәуірде Қырғыз Республикасы Ұлттық мемлекеттік қауіпсіздік комитеті екі азаматты сатқындық жасағаны үшін ұсталғандығы туралы ақпарат таратқанын хабарлады.

Ұлттық мемлекеттік қауіпсіздік комитеті "бұлтартпас дәлелдер тәркіленді" деген мәліметпен де бөлісті.

Кейінірек саясаттанушы Марат Қазақпаев пен Қырғыз Республикасындағы қазақ диаспорасының бұрынғы басшысы Марат Тоқтаучиковтың ұсталғаны белгілі болды.

Алдында Бішкектің Первомай аудандық соты қамауға алынғандарға қатысты бұлтартпау шарасын тағайындаған еді. Екеуі де бір айға қамауға алынды. Қамауға алынғандар ҰҚК тергеу изоляторына қамалады.

Сатқындық туралы қылмыстық іс құпия болып табылады. Қылмыстың мерзімі және ұсталғандардың қай елдің мүддесі үшін жұмыс істегені туралы айтылмайды.

Қырғыз елінде мемлекетке опасыздық жасағандарға 10 жылға бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!