Ковидке қарсы анти дененің бар-жоғын бес минутта анықтайтын тест пайда болды

11:14, 16 қыркүйек 2021

© Сурет: pixabay.com

Қытайлық ғалымдар коронавирусқа қарсы антидененің бар-жоғын бес минут ішінде анықтай алатын жаңа диагностикалық жүйені ойлап тапты. Ол икемді органикалық транзисторлар негізінде жасалып, қан немесе сілекей үлгісі негізінде нәтиже шығарады, деп хабарлайды zakon.kz.

Диагностикалық жүйенің құрылымы коронавирустың S-ақуызына ұқсас молекулалармен қапталған икемді алтын электродтары мен органикалық электрохимиялық транзисторлар жиынтығынан тұратыны айтылады. Оларға антиденелер бекітілген кезде транзистордың жұмысы өзгереді, яғни токты басқа жолмен бере бастайды, деп жазады rg.ru.

Ғалымдар тестке электродтардың қосымша жиынтығын қосып, олар сілекей немесе қан сынамалары арқылы жиілігі жоғары электр импульстарын жібереді. Осының арқасында антиденелер мен коронавирустың S-ақуызы арасындағы реакция жылдамдығы артып, бұл биоматериалдағы массасы 0,15 нанограммнан аспайтын байқалуы өте қиын SARS-CoV-2 антиденелердің іздерін анықтауға мүмкіндік берді.

Бұл тест кез-келген аурудың қоздырғыш антиденелерін де анықтай алатыны айтылады. Ол үшін электродқа антиденелер байланысатын басқа ақуыздар жиынтығын қолдану жеткілікті.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!